Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
16
октябрь
2019

Мектеп тарихы

Мектеп – кеме, білім – теңіз. Теңіз толқынында ақ желкені желбіреген Ұстаз. Кез-келген адамның есінен кетпес ыстық шақтар. Білім, Мектеп, Ұстаз – егіз ұғымдар. Білім теңізінде ақ кеменің жүзгеніне міне 80 жыл да толып қалыпты. Осы уақытта шәкірттері білімді әрі дарынды алтын ұя мектеп – біздің ғана мақтанышымыз ғана емес, Шымкент мегаполисінің де мақтанышына айланып үлгерді. Тарихы тереңде жатқан біздің мектеп тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған алып бәйтерек іспеттес.                           

Шымкент қаласы Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектеп 1938 жылы пайдалануға  берілген. Мектеп жобасы  100 орынға салынған. 1938-1944 жылдары мектеп толық емес орталау мектеп болған. Шымкент   қалалық халық депутаттары кеңесінің   19.11.1987 жылғы шешімі негізінде мектеп ғимаратын ХХ ғасырдың 30 жылдардағы  қала салу құрылысы  архитектуралық  ескерткіштерді мемлекеттің  қорғау құрамына енгізді. №17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектеп ұжымы «Мектепті дамыту жөніндегі» Концепциясының талаптарына сәйкес, өз бетінше    шығармашылық жұмыс жасай  алатын, адамгершілік қасиеттері жоғары және жан – жақты   дамыған жеке адамды қалыптастыру бағытында  қызмет атқарады. 1941-1944 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде  мектеп ішінде 410 атқыштар полкінің 102 Шымкент дивизиясының Ворошиловград облысын неміс-фашист басқыншыларынан азат ету  шайқастарына  қатысқан. Чугуев әуе полкінің жаралы ұшқыштары емделген  госпиталь орналасты. Кеңес Одағының үш батыры атағын алған авиация генерал – полковнигі Иван Кожедуб осы госпитальда емделген. Ұлы Отан соғысы жылдарында Чугуев әуе полкінің әскери  госпиталі уақытша көшіріліп, жолға қарасты бастауыш мектебінде орқыды. Осы қиын кезеңде мектеп директоры  қызметін шебер ұйымдастырушы оқу - тәрбие ісіне қатал талап қоя алатын, әрі әділ педагог, мейрімді де кең пейіл қамқор  адам – Челышева Анна Павловна атқарды. Соғыстан  кейінгі жылдары мектеп  қайта түлеп, жаңара түсті. 1952-1977 жылдарда қосымша құрылыс   жүргізіліп, кітапхана және шеберханасы   бар мектеп үйі салынды.   Оқу-тәрбие  жұмысына еңбек  пәнінің тереңдетіліп оқытылуы енгізілді.  Мектеп ұжымын ҚР ардақты педагогы А.К.Илеува басқарған жылдары көреген басшының бағыттауымен бастауыш сыныптарға қосымша ағылшын тілінен сабақтар енгізілген болатын. Осы жылдары білім сапасын қаланың атақты гимназия мектептерінің деңгейіне жеткізген болатын, сол дәстүр мектеп ұжымы үшін әлі жалғасып келеді. Мектеп басқарған жылдары ҚР білім үздігі, тәжірибелі ұстаз Дүйсенбиева Т.А. математикалық бағыттағы сыныптар ашылып, облыстық, қалалық пәндік олимпиадаларда жеңімпаз атанды. 2007 жылдан бері мектеп директоры Искакова Саулен Адырбекқызы мектептің материалды–техникалық жабдықталуы мен  мектептің модернизациясы мәселесімен  белсенді  түрде   айналып келеді. 

Жылдар өтуде, мектептегі оқушылар мен   басқа қызметкерлер  де өзгеруде, бірақ өзгеріссіз қалған бір ғана нәрсе - Лермонтов атындағы              №17 жалпы орта мектеп, өз Республикамызда ғана емес, Ресей, Украина, Қытай, Польша, Германия, Өзбекстан мемлекеттерінің жоғары орындарында білім алып жатқан шәкірттерге білім мен тәрбие негізін қалап,  әрбір оқушыны жеке  тұлға етіп қалыптастыратын үлкен білім ордасы екені даусыз. Қазіргі таңда   мектебіміз беделді де тұлғалы азаматтарымен мақтана алады: 

Институт бітірген соң Б.Р.Берікболов Оңтүстік  Қазақстан геологиялық басқармасына, жоңғар геология барлау экспедициясында, Солтүстік-Шығыс Балқаш төңірегінде «Саяқ» тобының аға геологы болып жұмыс атқарып, мыс металлдан басқа да, алтын табиғатта өте сирек кездесетін металлдардың бар екенін тұңғыш рет дәлелдеді.

Ирисметов Махмутжан Файзахметұлы – Нью Йорк ғылым академиясының академигі.

Байтасов Ұлан Бейсе ұлы – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің проректоры, деканы.

Ахметова Рыслат - Оңтүстік Қазақстан облыстық әйелдер федерациясының төрайымы.

Рамазанова Сара Ағзанқызы – Шымкент педагогикалық институты, физика-математика ғылымының  кандидаты, доцент.

Қорыбаев Борис – Қазақстанның энергетика министрлігінде жұмыс атқарған.

Палагин Виталий – Рязань ұшқыштар   эскадрильясының бастығы

Бабаев Ербол – мектептегі 2001 жылғы бітірген  Қазақстан Республикасың  чемпионы.

Истомин Сергей  Азия ойындарының жеңімпазы, Пекиндегі олимпиада ойындарының жеңімпазы. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив