12
ноябрь
2022
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдері, ДОЖЖО Мыңбаева Үрзия Ізбасарқызының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» Ахмет Байтұрсынұлының «Анама хат» өлеңін талдау дөңгелек үстелі өткізілді.
Қарағым, дұғайгөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам – деп анасына хат жазады. Автор бұл өлең шумағында ел қамын жеген қайраткер бейнесі жасалады. Ақын өлеңіне елін сүйген күрескер бейнесіне төзімділік, қайсарлық, қажыр-қайрат тән, бұл өлеңді оқи отырып, біз де өз елімізге деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Бастауыш сынып ұстаздары А.Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде ерекшелінеді деген ойға келді.