Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
29
май
2025

«Жазда кітаппен достасамын»

Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында каникул кезіндегі уақытты тиімді пайдалану мақсатында білім алушылармен «Жазда кітаппен достасамын» кітап оқуы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
Жазғы демалысты тиімді пайдаланғысы келген оқушылар мектеп кітапханашысымен бірге «Жазда кітаппен достасамын» атты шараға қатысып, «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында оқыған кітаптарын талқылады.
Оқуға құштар оқушылар шығарма оқу арқылы жақсылық пен жамандық, адамгершілік деген ұғымдарды терең түсінгенін айтып, өз пікірлерін ортаға салды.
Кітаптың мәртебесін көтеру, оны оқуды сәнге айналдыруды көздейтін кітапханаға барған жеткіншектер артық білімнің кітапта екенін түсініп, каникулда оқитын кітаптарын таңдап, кітапханашыдан сұрап, жаздырып алып жатты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив