
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) сәйкес, 2024–2025 оқу жылының соңында 9-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізіледі.

Емтихан күндері:

29 мамыр 2025 ж. – Математика (алгебра) пәнінен жазбаша емтихан

2 маусым 2025 ж. – Оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан
(Жалпы бағытта – эссе;
Гуманитарлық бағыттағы мектептерде – эссе, мақала немесе әңгіме)

5 маусым 2025 ж. – Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан
(Физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика)

10 маусым 2025 ж. –
– Орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті,
– Қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша емтихан.

Барлық емтихандар жазбаша түрде өткізіледі.
Емтихан — оқушылардың оқу барысында алған білімін бағалаудың маңызды кезеңі.

Барша 9-сынып оқушыларына сәттілік тілейміз!

