Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
27
декабрь
2025

Біздің мақтанышымыз

Астана қаласында Ұлы ағартушы, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Дана Абай ізімен” атты республикалық байқау ұлттық руханиятты ұлықтаған тағылымды шаралардың бірі болды. Аталған байқаудың басты мақсаты – Абайдың бай мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына ұлттық рухани құндылықтарды сіңіру.
Осы тағылымды додада Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Джилимбаева Динара Анварқызы шәкірті Сабыр Саян Сәкенұлымен бірге жоғары деңгейде өнер көрсетіп, білім мен тәрбиенің сабақтастығын айқын дәлелдеді.
Нәтижесінде, Динара Анварқызы мен оның шәкірті Сабыр Саян Сәкенұлы республикалық байқаудың І дәрежелі дипломымен марапатталып, абырой биігінен көрінді. Бұл жеңіс – Абай мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған жүйелі еңбектің, ізденіс пен шығармашылықтың жарқын көрінісі. Ұстаз бен шәкіртке алдағы уақытта да шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив