05
декабрь
2022
"БУЛЛИНГ-ҚАУІПТІ ЖОЛ"
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. 5-7 сынып жетекшілері "Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Буллинг - қауіпті жол" тақырыбында сынып сағаттарын өтті. Сынып сағаттарында интербелсенді тақта мен BILIMBOOK құрылғысында бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді. Тақырып төңірегінде әңгіме жүргізілді. Қоғамда, мектепте, басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі, сондай-ақ, интернеттегі қауіп жөнінде сөз болды.