31
март
2023
“БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы N17 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты кең ауқымды акция жоспарына сәйкес суреттер көрмесі өткізілді. Мектеп инспекторы Тешебаев Дінмұхамед Талғатұлы оқушыларға <<Бағдаршам>> атты түсіндіру жұмысын жүргізіп қағидаларымен таныстырды: 1)Оқушыларды жол белгілермен, жолда жүру ережелерімен таныстырды. 2)Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімеледі.
3) Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиеледі.
