28
апрель
2023
“ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ”
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те жасөспірімдер мен оқушылардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында "Заң және Жасөспірім" құқықтық сағаты өткізілді. Құқықтық сағатқа Шымкент қалалық Дін басқармасының ӘБ кабинет әдіскері Сүлеймен Айтбай, Шымкент ҚПБ Әл-Фараби АПБ ШПҚБ УПИ майоры А.Нурмаханова, ҚП ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының оқытушысы полиция майоры А.Манажанова, Шымкент қалалық №1 ПҚБ аға инспекторы Әділет капитаны М.Оразалиева, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігі әдіскері Ж.Артықбаева, "Жұмыспен қамту орталығы" КММ маманы П.Абдуллаев, Абай ауданы әкімшілігі әдіскері М.Тілесбай, Тұран ауданы әкімшілігі архивариус Л.Жамантаева, ДСБ дәрігер психиатр-нарколог М.С.Одаман қатысып, оқушыларға құқықбұзушылықтың салдары, салауатты өмір салтын насихаттап, вейк сигарет пен темекінің зияны, ҚР Әкімшілік кодекс, ҚР Қылмыстық кодекс баптары, дұрыс өмір сүре білу жолдарын айтты. Оқушылар сұрақтарына толыққанды жауап алып, жақсы пікірталас болды. Біз, №17 мектептің оқушылары, құқықбұзушылыққа қарсымыз!
