25
апрель
2023
“ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ, АУТОАГРЕССИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №17 жалпы орта білім беретін мектебінде «Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының 2023-2025 жылдарға арналған қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша профилатикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектеп жасындағы қыз балалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және болдырмау мақсатында «Ерте жүктіліктің, аутоагрессияның алдын алу» тақырыбында 8-10 сынып қыз балаларына арналған тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, сұрақ-жауаптар жүргізілді. Сондай-ақ №4 қалалық емханасынан арнайы маман врач-гинеколог Н.А. Кенжаева келіп ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

