Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "Жастар мәслихат депутаттарымен" кездесу
15
ноябрь
2019

"Жастар мәслихат депутаттарымен" кездесу

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасыты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде аға буын өкілдерімен жас ұрпақ ортасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырыу, жастарды отан сүйгіштікке, рухани тәлім тәрбие алуға, жастарға патриоттық және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін бойларына сіңіруге, мектеп оқушылары мен мәслихат депутаттарымен өзекті мәселелерді тыңдау және оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен "Жастар мәслихат депуттарымен" кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Атаулы іс- шараға Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты.
- Республикалық «Жастар кадрлық резервінің» резервисті.
- Шымкент қаласы волонтерлар корпусының президенті
- Шымкент қаласы әкімінің жастар кеңесінің мүшесі
- Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы КММ-нің «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің төрайымы 
- Шымкент қаласы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің «Ізгілік елшісі» ұйымының төрайымы Ашимова Жасмин Аскаровна келіп оқушылармен өзінің тәжірибесімен алмасып, оқушылардың ұсынысы мен сұрақтарына жауап берілді. 
Іс- шара барысында мектеп оқушыларын "Жастар мәслихат депутаттары" кеңесінің филиалына мүшелікке шақырды. 
Оқушылар арасынан "Өзін -өзі басқару" ұйымының презинденті 11 сынып оқушысы Нәбиев Қуат "Мәслихат" ұйымының мектепішілік төрағасы болып сайланды, төраға орынбасары ретінде 11 сынып оқушысы Қабылбеков Ердаулет сайланды. "Жастар қуаты" еріктілер ұйымының төрағасы болып 10 б сынып оқушысы Исамбек Аружан сайланды, төраға орынбасары болып Турдиева Малика. 
Атаулы іс- шараның соңында 11 А сынып оқушысы Тәжібек Бағдаулет өзінің авторлық өлең жырын оқып, оқушылармен бірге естелікке суретке түсумен аяқталды. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив