17
январь
2020
Республикалық бірмезгілдік "Адалдық сағаты" акциясы өткізілді.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің 2020 жылғы 14 қаңтар №1-2-1/315 хатына сәйкес , Шымкент қалалық білім басқармасының 16 қаңтардағы №10-12-12/154/7 хаты негізінде республикалық бірмезгілдік "Адалдық сағаты" акциясы өткізілді. Атаулы іс -шараға "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының мүшелері мен 10-11 сынып оқушылары және мектеп әкімшілігі қатыстырылыды. Акция барысында мектеп директоры С.А.Искакова мектеп оқушыларына адалдық пен парасаттылық жайында өз пікірі мен ойын жеткізіп, акцияны ашып берді. Тарих мұғалімдері Л.К.Романова және К.К.Сагиндыкова оқушыларға "Адалдық, парасаттылық" тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың өз пікірлерін тыңдады. іс- шара соңында "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының президенті Махамбетов Нұржігіт мектеп оқушыларын адал болуғаа, жақсылық жасауға шақырды.







