Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
29
март
2019

Наурыз мейрамы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 19 наурызында "Наурыз - Думан" тақырыбында мерекелік іс - шара өткізілді. Мерекелік концерттке мектеп мөлтекауданынында тұратын қаланың құрметті азаматтары, ата -аналар, зейнеткер , ұстаздар шақыртылды. Мектеп өміріне белсене араласқан ата - аналар, "Қамқоршылық" акциясында қамқоршылық көмек көрсеткен ата - аналар, ұстаз ретінде ерекше көзге түскен ұстаздар мектеп директордың алғыс хатымен марапатталды. 
 Мерекелік концертте "Еркетай" вокалдық тобы "Арманыма жетемін" әні, "Қарлығаш" вокалдық тобы "Мерекем" әні, "4 "А" сынып оқушысы Орынбасар Толғанай "Туған жер" әні, 4 "А" сынып оқушысы Қабыл Раяна "Наурыз - көктем" әні, 1 "Е" сынып оқушысы Қапбарбек Таңнұр "Наурыз - көктем" әні, 2 "Ә" сынып оқушылары "Наурыз - Думан" әні, "Алаш" вокалдық тобы "Мен қазақтың ұлымын" әні, "Алау" вокалдық тобы "Туған жер" әні орындалып, "Тұмар" би тобының 4 биі тамашаланды. 
 2 "Ә", 3 "А", сыныптарының ата - аналары "Сүйінші", "Бесікке салу", "Тұсау кесу" салт - дәстүрлерін дәріптей отырып көрініс көрсетті. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті ӘБ ұстаздары "Нурыз - Айтыс" ұйымдастырды. Саз жетекшісі Н.Қ. Азимхановтың ұйымдастыруымен мектептің домбрашыларымен "Күй - Тартыс" өнері өткізілді. Мектебіміздің "Әжелер қауымы" меркеге орай "Әжелер шеруін" "Күміс құмағн - ай" әнімен бастап, қазақтың "Шашу" салт - дәстүрін дәріптеу мақсатында мектебіміздің "Келіндер" қауымы "Келіндер" шеруін жүріп өтіп, шашуларын шашаты.
 "Жас экологтар" үйірмесінің оқушылары жетенкшісі А.Аширбаевамен "Наурыз - тал егу" рәсімін "Әжелер және келіндер" қауымымен орындады, талдар егілді. 
 Ұлттық мерекеге орай 1-11 сыныптар аралығында "Наурыз - дастархан" қазақтың ұлттық тағамдары бойынша сайыс өткізілді, сайысқа қатысқан сыныптарға номинациялар берілді.
 Үйде оқытылатын оқушылар Наурыз мерекесіне орай концертке шақырылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, "Қамқоршылық" акциясы аясында мектеп директоры С.А. Искакова оқушыларға сыйлықтар табыстады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив