Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
30
ноябрь
2022

Жас Ұлан

Лермонтов атындағы №17 ЖОББ мектепте 30 Қараша күні Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. "Жас Ұлан" ұйымына озат оқуы мен үлгілі тәртібімен ерекшеленген, түрлі сайыс жеңімпаздары мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысушы оқушылар қабылданып, төс белгі мен мойынтақ тағылды, анты айтылды. Жиынға қатысқан қонақтар  Директордың ғылыми әдістемелік орынбасары Л.Е Алибекова, ӘБ жетекшісі Ұ Алиев, музыка пәнінің мұғалімдері  Марина Борисовна, Азимханов Нурсерик. Қатысушы қонақтар жиынның өткізілуіне  оң бағасын берді. "Жас Ұланға" қабылдау жиынын ұйымдастыруда ҚББП Абдулла Аяулым,  ДТІЖО Жуманова М.А, Жабпаркулова С.Р, 5 сынып жетекшілері, мектеп парламенті, ҰП Сербекеева А белсене қатысты. Мектебіміздің директоры Б.С Наурызбаев оқушыларымыздың мектепте озат болып биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз деп өзінің құттықтау сөздері мен ниетін білдірді.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив