23
февраль
2023
Спорттық сайыс
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен 1989 жылы шығарылғанына және Ауған соғысының аяқталғанына 34 жыл толуына орай ұйымдастырылған дәстүрлі жыл сайынғы спорттық сайыстары өткізілді. Іс-шараға шақырылған қонағымыз , ұстаздарымыз Ақжигитов Б, Пердебаев Ө, Мусабаев Р . V турдан тұратын сайыс қорытындысы бойынша I орынды 10Б сынып оқушылары жеңіп алды, II орынды 10А – сынып оқушылары иеленді. Сайысқа қатысып белсенділік танытқаны үшін Мамадалиева Асем, Ремха Григорий, Көкембай Аяулым, Алибеков Жансерік мақтау қағаздарымен марапатталды.Ұйымдастырып, белсене ат салысқаны үшін мектебіміздің Әскери жетекшісі Алиев Ұлан ұстазымызға алғысымызды білдіреміз!
