18
январь
2023
БАЛАЛАР ЖӘНЕ ТЕАТР!
Шымкент қаласы балалар мен жасөспірімдер өнерін насихаттау және ынталандыру мақсатында "Жан Жүрегім Қазақстан" атты Халықаралық шығармашылық өнер байқауында Лермонтов атындағы №17 мектептің Театр үйірмесі Ауесбаев Ерлан жетекшілігімен " ҚОРҚАҚ КӨЖЕК" қойылымын ұсынып 1 ші орынды жеңіп алды.Атап айтқанда: Қасиет Асылбек, Ташкенбай Аяна, Алтынбек Арсен, Зиябек Бекзат, Арсланова Бану, Сахаев Қуаныш, Бақтыбай Лаура атты оқушыларымыз мақтау қағаздарымен марапатталды. Мектебіміздің директоры Бақытжан Спабекұлы және Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұманова М.А оқушыларға мақтау қағаздарын табыстап сәттілік тіледі!
Театр үйірмесі арқылы оқушыларымыз кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту сияқты қасиеттерін сақтауға итермелейді! Оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!