19
январь
2023
"БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ"
Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» Республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының мектепішілік кезеңінде ерекше жоба көрсетіп I орын алғаны үшін Лермонтов атындағы №17 ЖОББ мектептің 2г сынып оқушылары Спатай Жаснұр және Дастанұлы Али- Айдар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жоба жетекшісі: Джанбиршаева Сандигуль Утесиновна. Мектеп директоры Наурызбаев Б.С оқушыларымызды марапаттап, жетістігімен құттықтады. Жаңа Қазақстанның болашағын нұрландыру жолында жаңашыл, шығармашыл тұлға болуларына тілектеспіз. Джанбиршаева С.У ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!