19
июнь
2023
"БІЗДІҢ ТАНЫМАЛ ТҮЛЕКТЕР" ЖОБАСЫ
Шымкент қаласындағы Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ өзінің әлемге танылған атақты спортшыларымен танымал.
Бүгін бізде қонақта түлегіміз Ахмеджанов Эмиль болды. Мектеп ұжымы, ұстаздар қауымы мен мектепалды сауықтыру алаңының балалары шын жүректен Эмильді қарсы алды.
Эмиль жақсы жаңалығымен бөлісті, бірнеше күн бұрын Осиеке қаласында /Хорватия/ Дүниежүзілік турнирде спорттық гимнастиканың Word Challenge cup бағытында 14,283 балл нәтижесімен 3 орын иеленіп, мойнына қола медаль тағып келген.
Кездесу өте қызықты өтті, мақтан тұтатын түлегі бар ұстаздар, жеңіс кубогын ұстап болашаққа көз тіккен жас балалар сұрақтарын қойып, жеңіс жолына жетер жол - ол еңбектену мен қиындықтарды еңсеру екенін Эмиль түсіндіріп айтты.
Мектебіне сағына келетін Түлек бар кезде, Мектеп те Түлегімен бірге ұмытылмайды! Ұрпақтар сабақтастығы - тарихи кезең!
Радость учителя в достижениях учеников. А если ученики не забывают родную школу и любимых учителей, то радость многократно увеличивается.
Сегодня педагогический коллектив школы был приятно удивлён: в гости зашёл Ахмеджанов Эмиль - выпускник, спортивная гордость не только 17й школы, но и всего Казахстана! Ведь несколько дней назад Эмиль отличился медалью бронзового отлива, взойдя на пьедестал почета на международном турнире в Осиеке (Хорватия). Встреча прошла в атмосфере теплого общения с учителями и учениками из летнего лагеря.
Новых достижений тебе, Эмиль!
