18
июль
2023
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
17 маусым, 2023 жылы Румынияда халықаралық онлайн "Child's face" фестивальі өтті.Фестивальға Қазақстан Республикасының Астана қаласынан "Binom Altynsaryn" мектебі, Түркістан қаласынан N28 мектеп, Шымкент қаласынан Лермонтов атындағы N17 мектебі қатысты. Қазақстан Республикасынан қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды.Ұлттық нақышта көрсетілген би, ән, домбыра қобызда орындалған өнерге халықаралық қазылар алқасы оң бағасын беріп, жоғары дәрежеде бағалады. Қазылар алқасы құрамына белгілі өнер қайраткерлері, композиторлар, әнші, хореографтар кіреді. Қазылар алқасы қатысушылардың сахналық киім үлгісіне, ұлттық аспапта ойнау шеберлігіне, би қозғалысының ритмикасына актерлық шеберлігіне қарап бағалады. Фестиваль қорытындысы бойынша
17 мектеп оқушылары:


Жетекшісі: [Азимханов Нұрсерік]


[Жетекшісі хореограф: Қуандықова Меруерт] "Қобыз"биімен 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Фестивальға Қазақстанның Астана қаласының "Binom Altynsaryn" мектебінен Камберова Амина Қамажай биімен 1 дәрежелі дипломмен
[Жетекшісі хореограф Бозжигитова Р Е]
Түркістан қаласының N28 ЖББМ мектебінен Мұрат Амира қобызда өнер көрсетіп 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Фестивальда өз өнерін көрсеткен оқушыларымызға табыс, өнерде биіктен көріне беріңіздер деп тілейміз.


