31
январь
2024
«БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ»
Шымкент қаласы білім басқармасының «Шымкент қаласының Дарын орталығы» КММ, ҚР Оқу-ағарту министірлігінің ақпараттық қолдауы мен «Жаңа Қазақстан-білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты патриоттық жобасы аясында Астана қаласында Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ, акт залында «Тәуелсіздік дарыны» атты республикалық оқушылар форумы өтті. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысып, жұмыстары үздік деп танылып « Тәуелсіздік дарыны» төсбелгісімен, 1 дәрежелі дипломмен, Тұңғыш Президент орталығынан сыйлық кітаппен марапатталды. Оқушыларға төс белгіні қоғам қайраткерлері табыстады.
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушылары.
Осы қағиданы нақты ұғынған Президентіміз де «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп әрдайым айтып келеді. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегендей , жас ұрпаққа мән мағыналы өнегелі тәрбие мен білім беру –бүгінгі күннің басты талабы.
Ұлт болашағын ойлайтын білімді, дарынды шәкірттерді дайындаудағы жұмысыңыз еселене берсін. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ағарту майданында еңбегі сіңген-өмірлік ұстаздарға алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды, жетекшілерін және үздік оқушылардың ата-анасын мектеп директоры Наурызбаев Бақытжан Спабекұлы құттықтады. Марапаттарың құтты болсын.
2а-сынып оқушысы: Ерсайын Айнара. Жетекшісі:Мыңбаева Урзия
2а-сынып оқушысы: Бекжанқызы Ясина. Жетекшісі: Алмазбекқызы Қасиет
2а-сынып оқушысы: Анарбай Ясмина. Жетекшісі: Алмазбекқызы Қасиет
4ә-сынып оқушысы: Онғар Ернар. Жетекшісі: Сейдахметова Гулбану
4г-сынып оқушысы: Қуатбек Сафия. Жетекшісі: Мұса Қарлығаш
6а-сынып оқушысы: Оңғар Сымбат. Жетекшісі: Мыңбаева Салтанат.