Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
09
февраль
2023

«ӨНЕГЕЛІ БІР САҒАТ»

Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде "ӨНЕГЕЛІ БІР САҒАТ" атты кеш болып өтті. Кешіміздің қонағы ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі, режиссер, қоғам қайраткері Асқар Алиханұлы. Кеш барысында мектебіміздің театр үйірмесі Ауеспаев Ерлан жетекшілігімен ұйымдастырылған  қойылымдар ұсынылды.Біріншісі «КИЕЛІ АЛМА» өте әсерлі өмірлік мәні бар қойылым болды, екіншісі классика жанрындағы «ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» көрінісі ұсынылды.Өнер көрсеткен оқушыларымыз: Камил Бауыржан, Нұржанқызы Әсел, Ерболқызы Адема, Әбдразах Ұлжалғас, Мейманалиева Жанерке ,Сайин Жансая. Асқар Алиханұлы оқушыларымызбен және Мектеп Парламентімен сұхбат жүргізіп, ойларымен бөлісті. Қойылым көрсеткен оқушыларымыздың өнеріне  оң бағасын беріп, өнерлерімен тәнті еткенін атап өтті.Кеш соңында мектеп басшысы Наурызбаев Б.С қонақтарымызға, оқушыларымызға алғысын білдірді және Асқар Алиханұлы Мектеп Парламентін көргеніме қуаныштымын деп жылы лебізін танытты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив