28
декабрь
2022
АЛҒЫС ХАТ
Шымкент қаласы Лермонтов атындағы 17 мектебіне арнайы құрметпен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжден АЛҒЫС ХАТ
Құрметті Бакитжан Спабекович!
Кеңес одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұланы Бауыржан Мурат Дінмухамедұлы алғаш оқуға түскен күндерінен бастап отбасынан және мектеп қабырғасынан алған жақсы тәрбиесін, білімге деген құштарлығын, адамгершілік қасиеттерін алдыңғы қатарға қойып, іс-әрекетімен көрсетіп келеді. Оқушы бойында осындай жақсы қасиеттердің болуы өскен ортасы мен білімді де мықты ұстаздардың арқасы деп ойлаймын.
Тәуелсіз Қазақ елінің өркендеп өсуіне саналы ұрпақ, білімді жастарды қатарға қосып жүрген ұшан-теңіз еңбектеріңізге үлкен ризашылығымды білдіремін. Білім ордаларыңызға үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс, өрлеу мен өркендеуді тілеймін. Білімді де тәрбиелі, саналы да салауатты шәкірттеріңіз көп болсын!
Сіз бен біз тәрбиелеген жеткіншектер Отанының нағыз патриоты, адал перзенті болады деп үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің басшылығы кәсіптік бағдар беру мақсатымен сіздермен бірлесіп іс-шара ұйымдастыруда қолдау білдіреді деп сенеміз!
Әрқашан жолың ашық болсын , Бауыржан сарбазымыз , Жарайсың!