Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Математика және информатика пәндері «Ақыл-ойдың қазығы қағылған ілім төсінде, Математика бастауы барлық ғылым көшінде...» апталығының қорытынды есебі.
14
февраль
2020

Математика және информатика пәндері «Ақыл-ойдың қазығы қағылған ілім төсінде, Математика бастауы барлық ғылым көшінде...» апталығының қорытынды есебі.

Математика және информатика пәндері 
«Ақыл-ойдың қазығы қағылған ілім төсінде,
Математика бастауы барлық ғылым көшінде...» 
апталығының қорытынды есебі.
Бүгінгі  ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезінде оқушылардың математика пәні біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. 
Білім кілті – осы пәндер мықты болуына байланысты. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу  сабақтағана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. 
Осындай жүмыстың маңызды бір бағыты - пәндік апталық болып саналады. 2020 жылғы ақпан айының 10-ы мен 14-ы аралығында Искакова Саулен Адырбекқызы басшылық ететін Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде математика және информатика пәндер бірлестігінің әдістемелік күндері өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді. ӘБ жетекшісі – Юлдашева Саодат Бекпулатовна. 
Апталықтың мақсаты – математика, информатика сабақтарында заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Пән мұғалімдері «Ақыл-ойдың қазығы қағылған ілім төсінде, математика бастауы барлық ғылым көшінде...» тақырыпқа сәйкес оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, бірнеше ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізді. 

Атап кетсем, 
Математикадан «Математика – білім желісі, спорт –денсаулық жемісі» көңілді сайысын Сардарова З.И. 5А және 5Ә сыныптар арасында өткізді. Бұл ойын арқылы мұғалім бойында мергендік, шапшандық, дәлдік қасиеттерін дамытумен қатар, математиканың мазмұнын ашуда шеберлікті көрсету қызығушылықтарын тудырды.
«Ойлағаннан ойнаған қызықты!» математикалық көңілді тапқырлар сайысын 8Б, 8В сыныптарында Мельникова С.А. ұйымдастырды. Мұғалім оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескере логика және зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды.
Юлдашева С.Б.ның 5В сыныбында ұйымдастырған «Айтсаң, ұмытамын. Көрсетсең, сақтаймын. Ал қызықтырсаң, түсінемін!» білімділер турнирі математика, қазақ әдебиеті пәндерін байланыстыра отырып кұралған стандартты емес сұрақтар мен ауызша есептер шешуде оқушылардың білім деңгейі байқалды. Оқушылардың іс-әрекетін, ой ұшқырлығын шыңдайтын тапсырмаларды орындау – математиканы оқып үйренуге ынта-жігерін арттырғаны сөзсіз.
Акаева К.А. математикадан 6А сыныбында ұйымдастырған «Асық ойнаған азар, доп тепкен тозар, оқу оқыған озар!» сайыс сабағы эстетикалық талаптарға сай безендіруімен, әрі топтардың дайындықтарымен ерекшеленді. Мұғалімдің ойынды жүргізу барысында ұстамдылығы мен мәдениеттілігі, математиканың басқа пәндер мен байланыстыра білуі шәкірттер қөңілінен     шықты.Асық ойнаған азар,
  Доп тепкен тозар,
  Оқу оқыған озар!»
Информатика пәнінен 9Ә сыныбында өткізген «Python тілінде алгоритмдерді программалау» ашық сабағында Омарбекова Ш.А. шаблондарды пайдаланып, компьютер мүмкіндіктерімен шығармашылық жұмыс жасауға бағыт бере білді. Сабақта оқушылар өте белсенді болып, әр кезенде оқу материалын зерделеуі байқалды, білім деңгейі қалыптасқан деген пікір айтылды. «Python тілінде алгоритмдерді программалау»

Ақпаратты-коммукативти технологиялар пәнінен 3А сыныбында  Меирбекова А.ның «Ғаламтордағы қауіпсіздік» ашық сабағында оқушылардың информатика теориясын меңгеруде, өз пікірлерін еркін жеткізе     алуға, қөзқарастарын білдіруге бағытталған жұмыстар жүйелі екендігі байқалды. «Ғаламтордағы қауіпсіздік»

Бейсенбаева М.О., Нахыпбекова С.М. «Өмірмен бірге замандас – өзгеру керек қалайда...» математикалық сайысын 10А және 10Ә сыныптарда қызықты, әрі көрнекті өткізді. Оқушылардың білімге, жаңалықтарға деген қызығушылықтарын дамытуға, топ мүшелерінің достық және бірлікпен ғана жеңіске жететіндігіне бағыт берді. Сайыс барысында «Абайтану математика форматында»  өлеңдер оқуы ұйымдастырылды.
5-11 сыныптар арасында қабырға газеттері жәрмеңкесі, 
«Әзіл есептер, жұмбақ есептер» тапқырлық сайысы және «Геометриялық зоопарк» көрмесі өткізілді.
Қабырға газеттері жәрмеңкесі
 ТС «Әзіл есептер, жұмбақ есептер»






Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуде «Ұстаздың еңбегі шығармашылықтан тұрады» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әр оқушы қазақ елін дамытушы, әлемдегі дамыған елдермен тепе-теңдікке жетуге ат салушы тұлға екендігін ашып, бағыттадық. Ашық сабақтарға қатысқан мұғалімдер оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын байқатқаны, математика және информатика мұғалімдерінің кәсібі шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін, сабақты жүргізудегі қолданылған әдістердің нәтижелілігі жайлы пікір алмасып, оң бағаларын берді.
           Қорыта келе айтарым, ұстаз – жас үрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив