Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » » "САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН БАҒДАРЛАМА
12
апрель
2023

"САПАЛЫ БІЛІМ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН БАҒДАРЛАМА

Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығының бастамасымен  "Сапалы білім" жобасы аясында Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім  беру мектеп базасында "Сапалы білім -  болашағыма құйылар инвестиция  " тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырды.
Семинарға Әдістемелік   орталықтың қазақ тілі мен әдебиеті пәні  әдіскер Гулжан Серікбайқызы,  өзбек тілі әдіскері Корганбаева Нулифар  Абдумаликовна , Куралбаева Динара Данданқызы жетекші және  тірек  мектептер (№10,11,12,14,19,28,31 ) директордың оқу-әдістемелік және оқу-ісі жөніндегі  орынбасарлары мен қазақ тілі мен әдебиеті ,  география, биология, химия, физика , математика, информатика пәндерінің мұғалімдері ,Өрлеу біліктілікті арттыру институтының  Түркістан және Шымкент қаласындағы филиалының аға оқытушы тренері Айберова Гулжан Қасымбекқызы  тыңдаушы тәлімгерлерімен  сондай-ақ жоғары оқу орындарымен  келісімшарт негізінде 10 жылдан бері тығыз  байланысты  Мұхтар  Әуезов атындағы Оңтүстік педагогикалық  университетінің биология кафедрасының доценті, кандидат Муминова Камила Шаккузовна арнайы семинарға  қатысты.
Семинардың мақсаты: Оқушыларға білім беруде оқыту теориясын дамыту мен практикада орынды қолдану. Семинардың ашылуын мектеп директоры Наурызбаев Бақытжан Спабекұлы ашты .
Семинар барысында пән мұғалімдері  Lesson Study зерттеу сабағы, РISA, TIMS ББЖМ халықаралық зерттеу тапсырмаларын қолдану  мақсатында жаңа әдіс- тәсілдер арқылы оқудағы кедергілерді анықтаумен   оқыту технологиялармен ашық сабақтарын  қазақ тілі зерттеу топ жетекшілері Л.Е.Алибекова, М.М.Айтаева, Ш.Ж.Балқыбекова , С.Е.Мыңбаева , биология пәнінен И.А.Шахницкая , география пәнінен Хусанова С.М.химия пәнінен Ө.С. Пердебаев , математика пәнінен Мельникова С.А.  мұғалімдерге коучинг  математика пәнінен Юлдашева С.Б.физика пәнінен Маханбетов А., биология-экология мәселелері интеллектуалдық сабақ Аширбаева А.Е., информатикада ҰБТ есептері Махкамов А. өткізді,  ал  кітапханада  
  Дебат  жетекшісі Абдрахманова А.Б., әдеби оқулар  Read x, Ted x  өзекті  мәселелерге  оқушылар белсене тоқталды.
Қонақтарды қарсы алуда робот көрмелері қылқалам шеберлері жұмыстарымен көркейтілді. Психолог мамандар Абдикеримова Гулшахар Иманбаевна мен  Дилдабекова Шұға күйзелістен арылту  тренингтерін көрсетті.  Ұйымдастыру кезеңінде семинарға келген ұстаздармен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.С Мусакуловнаның ұйымдастыруымен және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Р.Жапбаркулова жүргізумен "Бәрін білгім келеді"  викторинасы өткізілді. Ұстаздар ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, тәттілермен марапатталды.
Қорытынды кезеңде семинар тақырыбына байланысты  фрагменттермен  Ашық алаң " ток шоу бағдарламасы арқылы әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Е.Алибекова жүргізді.
 Семинар өз дәрежесінде жоғары деңгейде өткізілді. Мектеп педагогтары өздерінің үздік тәжірибелерімен өзара бөлісіп, семинарға қатысушы ұстаздар кері байланыс жасап, ұжымға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив