08
февраль
2022
Ж.Жабаевтын 175 жылдық мерей тойы
Мектебімізде жыр алыбы Ж.Жабаевтын 175 жылдық мерей тойы ресми түрде аталып өтті. Онда жыр дүлділі ,екі ғасырдың куәсы болған Жамбылдың импровизатырлық өнегесі жыраулық дәстүрі, терең дүниетанымы, ақындық шеберлігі оқушыларға таныстырылды. Алаш арысы С.Сейфуллин: Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың біздің әрқайсымыздың борышымыз деген екен. Сондықтан біз оның өмірінен қызықты мәлімет жинақтап,жырларын жатқа айттық.
Нәтижесінде халық поэзиясының алыбы ақыл ойдың алғыры өзгеге ұқсамайтын жыр алыбы Жамбылды бүкіл сынып таныды.
2 қаңтарда «Жыр алыбы-Жамбылға»арналған 5-7сынып арасында мектепшілік көркем сөз оқу байқауының 2 кезеңі өтті. Жыр дүлдулі Жамбылдың өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқу барысында
Иса Кәусар 5г сынып оқушысы 1 орынды иеленді,Бактыбек Дастан 5а сынып оқушысы 2 орынды иеленді,Нұрғалым Ерлан 5ә сынып оқушысы менТаубай Сымбат 6ә сынып оқушысы 3 орын алды.Қазылар алқасы Қамбарова Сәуле қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қазақ поэзиясындағы Жамбылдың ақындық өнерінен мол қызықты мәліметтер айтты.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алибекова Лунара ұстазымыз балалардың танымдық белсенділігі,әдебиетке деген қызығушылығын еңбектерін бағалап алғыс хаттармен марапаттады


