Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) – орыстың ұлы ақыны.
29
октябрь
2020

Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) – орыстың ұлы ақыны.

Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) – орыстың ұлы ақыны. Оның лирикалық поэзияны да көркем прозаны да дамытудағы еңбегі орасан зор.  Лермонтов сол  заманғы әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларын халық мүддесімен, арман-тілегімен үйлестірген.
Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиялдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше еді. Ол орыс ақынын жанындай жақын көрді. Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, өзіне туыстас сезінген адамы Лермонтов еді. Абай ұлы ақынның , тіпті сол кездегі орыс қауымының тілек- талабын, мұңын ұға алды. 
  Абай аударып қазақ арасына кең таратқан Лермонтов шығармалары қатарында «Ой», «Қанжар»,  «Жалау», «Теректің сыйы», «Өзіңе сенбе жас ойшыл», «Тұтқындағы батыр» сияқты бірнеше өлең бар. 
М. Ю. Лермонтов творчествосы –  мәдениетіміздің  қымбат мұрасы болып табылады. 
Лермонтов атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы Лермонтовтың шығармаларын жатқа айту сайысы жалғасуда.






























































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив