05
январь
2023
«ҚЫСҚЫ КАНИКУЛДА —10 КІТАП ОҚИМЫЗ!»
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектептің 6 сынып оқушылары каникулда М.Омарованың «Көмбе нанның дәмі» шығармасын оқып, оқыған кітаптың мазмұнымен бөлісіп, шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп видео жасап, шығармадағы оқиғаны қағаз бетіне сурет салып жеткізді.
«Көмбе нанның дәмі» шығармасында қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстардың тағдыры көрініс тапқан, соғыс жылдары Қазақстанға қоныс аударылған түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті өмірі мен қазақ халқының қонақжайлылығы суреттелген.
Каникулда кітап оқимыз!