23
сентябрь
2022
«М. ӘУЕЗОВТЫҢ «ЖЕТІМ» ӘҢГІМЕСІН ТАЛДАУ.

Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Әуезовтың туғанына-125 жыл толуына орай мектебіміздің 6 «а» сынып оқушыларының қатысуымен жазушының «Жетім» шығармасын талдау дөңгелек үстелі өтті. Сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтаева М. оқушыларға қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, драматург және қоғам қайраткері М. Әуезовтың шығармаларымен таныстырып, шығарманың негізгі ойын ашуға ықпал ете отырып, өз еріктерімен қорытынды шығара білуге жетеледі. Оқушылар үш топқа бөлініп, әр топ шығарманы талдап, өз ойларын ортаға салып, оқиғаны көз алдарына елестетіп «Жетім» әңгімесінің мазмұнын аша білді. Амангелді Аружан Қасымның тағдыры неге қиын болғанын айтса, Қасым Толғанай табиғатпен баланың көңіл-күйінің үндесіп тұрғанын айтты. Үшінші топ М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесімен О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін салыстырып, зерттеп, айырмашылығына тоқталды.
Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелейтін шығарманы автордың орнында болсаңдар қалай аяқтар едіңдер деген сұраққа, жан жақты өте әсерлі жауап берді. Қорытындылай келе М. Айтаева апай, оқушыларға елімізде балаларға көрсетіліп отырған қамқорлық туралы, Қасым секілді құрбы-құрдас, достарына жанашырлық танытса, нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерінің артатынын айтып өтті.