27
апрель
2023
“МЕЙРІМДІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ”
Мейрімділік отбасынан басталады, Отбасы – сыйластық, мейірім мен махаббат мекендеген шағын ғана орта, кішкентай Отан деп айтуға болады. Осыдан барып «Отан – отбасынан басталады» деген сөз қалыптасқан. Отанды сүю – ең алдымен отбасынан басталады. Себебі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы отбасынан бастау алады. Бүлдіршіннің ер жетіп өсуі, еліне адал қызмет етуі, айналасына мейіріммен қарауы, тәрбиелілігі ең алдымен отбасындағы жағдайға байланысты. Отбасында әке-шеше, балалары бір-бірімен сыйластықта, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік болары сөзсіз. Қазақ отбасында әке мен ана – жанұя мектебінің ұстаздары болады.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы N17 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының “Мейірім-жүректен” атты айлық жоспары негізінде “Мейірімділік отбасынан басталады” атты отбасылық челлендж бейнетаспаларын қабыл алыңыздар.