27
апрель
2023
"МЕЙІРІМДІЛІК - ЖҮРЕКТЕН, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - БІЛЕКТЕН"
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте, оқушылардың бір-біріне деген мейірімділігін, достық, бауырмашылдық қасиеттерін арттыру мақсатында Шымкент қалалық прокуратурасы мен Шымкент қалалық білім басқармасымен бірлескен «Мейірім -жүректен» атты айлық жоспары негізінде «Мейірімділік – жүректен, қайырымдылық – білектен» тақырыбында 9-11-сыныптар бойынша 98 оқушы шығарма жазды.
«Жүректі жылытар мейірім» тақырыбында 5-8-сыныптар бойынша 257 оқушы мазмұндама жазды. 2-4-сыныптар арасында диктант жаздыру жұмыстары жүргізілді.
Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттер. «Жүректі жылытар мейірім» тақырыбындағы шығармашылық жұмысты өткізуде алдымызға қойған негізгі мақсатымыз – қатыгездіктің алдын алу, мейірімді, шапағатты болуға тәрбиелеу болатын, әрбір оқушы кішкене болса да мейірімділік қасиетінің қаншалықты маңызды екенін түсініп, көкейлеріне ой түйді. Тақырып бойынша жазылған жұмыстар жоғары дәрежеде өтіп, әр оқушыны толғандырып, ой салды. Жазылған жұмыстар нәтижесінде оқушылардың бойына мейірімділік, қамқорлық, бауырмалдық қасиеттерді дарытқанымыз қуантарлық жағдай.
Оқушылар алған әсерлерін де жасырмай айтып жатты. Пән мұғалімдері оқушыларды жақсы іс істеуге, жақсы сөз сөйлеуге баулыды. Оқушылар бір-біріне мейірімге толы тілектер айтып, көңіліміз шаттыққа бөленді.
