04
май
2023
МЕЙІРІМ - ЖҮРЕКТЕН
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те қалалық құқықтық айлық жоспары негізінде ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ өткізілді. Мектеп инспекторы полиция капитаны Тешебаев Дінмұхаммед, Мектеп Парламентінің Президенті Шымыр Д., Ұлдар клубының Президенті Құралбай М. 8-9-10-11 сыныптың ұл балаларымен /200 оқушы/ құқықтық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағыну, ҚР ӘК, ҚР ҚК баптарымен таныстырды. Ер балалар арасында буллингке жол бермеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ана мен ұстаздың үмітін ақтау бағытында әңгіме өрби отырып, шешім қабылданды. Құқықбұзушылыққа, буллингке жол бермеуге бірауыздан келісілді.

