Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "ӘКЕҢНІҢ ТӨРІНЕ СЕНБЕ, ЕТКЕН ЕҢБЕГІНЕ СЕН"
10
февраль
2023

"ӘКЕҢНІҢ ТӨРІНЕ СЕНБЕ, ЕТКЕН ЕҢБЕГІНЕ СЕН"

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектепте Үштік одақ жобасы аясында "Ұлағат" ата-аналар университетінің Әкелер клубының  «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында  отырыс өткізілді. Әкелер клубының төрағасы И.Айтаев, мектеп басшысы Б.С.Наурызбаев, мектеп инспекторы Тешебаев Дінмұхаммед, ДТІЖО Жуманова М.А және Әкелер клубының мүшелері отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру бағытында кездесу өткізілді. Мектеп психологтары Г.Абдикеримова, Ш.Ділдабекова топтық жұмыстар жүргізе отырып, «Бақытқа жол!» психологиялық тренингінде әкелердің бала тәрбиесіндегі орны туралы ойларын ортаға салды. Ұстаздар А.Диханбаева мен М.Кириченко тақырыптық видеороликтерді көрсете отырып, баласының досы, сыныптасы, сынып жетекшісі, баратын үйірмесі, хоббиі туралы,  бала арманы мен тілегін тыңдай білуге бағыттады. А.Диханбаева «Баланы тану» ойынында баланың ішкі дүниесінің сан алуандығын көрсетті, кері байланысты  «Күн шуағы» суретін аяқтаумен қорытындылады. Кездесу соңында Әкелер клубының төрағасы И.Айтаев қорытындылай келе «Мектеп-Ата-ана - Оқушы» бағытында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив