11
май
2023
🔰МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ КҮНІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №17 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сынып қыз балаларына арналған «Мейірім-Жүректен» атты айлық жоспарына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру, қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында
№4 қалалық емханасынан арнайы маман врач-гинеколог Н.А. Кенжаева
«Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында тазалық гигиенасы туралы ақпарат берді. Тақырыпқа байланысты деректі фильмдер көрсетіліп, оқушылар тарапынан сұрақ-жауаптар жүргізілді.
