Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "АДАЛДЫҚ, ПАРАСАТТЫЛЫҚ- АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ"
15
май
2023

"АДАЛДЫҚ, ПАРАСАТТЫЛЫҚ- АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ"

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №17 жалпы орта білім беретін мектеп  "Адал Ұрпақ" және "Өзін өзі басқару" ұйымдарының мүшелерінің қатысуымен  "Адалдық-парасаттылық" тақырыбында ТEDX форматында     «Дос-Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қоғамдық кеңестің жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссия төрағасы  Жанысбек Өтеген, ҚР Қазақ Хан-Батырлары 1986 жылғы  желтоқсан қаһарманы Еспенбетов Бахыт Есіркепұлымен кездесу өтті. Кездесу мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен насихатталды. «Адал Ұрпақ» клубының Президенті 
Кенжебай Б, Мектеп Парламентінің Президенті Шымыр Д, «Зияткер» дебат клубының Президенті Көкенбай Аяулым сөз сөйлеп, өз пікірлерін, ұсыныстарын айтты.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив