Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны» дебаты.
30
март
2021

«Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны» дебаты.

«Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны» дебаты.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дебат ойындары мен мектептегі өзін-өзі басқару жайлы, дебат қозғалысын қайта жаңғырту туралы айтқан болатын. 
«Оқуға құштар мектеп» жобасын негізге ала отырып Лермонтов атындағы #17 мектепте ДӘЖЖО Ж.Каракулованың   тікелей қолдауымен, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ә.Абрахманова ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өтті. 
 Ә.Абрахманова дебаттың ережесімен таныстыра отырып, дебат -қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу,  жарыссөз екенін, пікірсайыстағы даттау мен жақтау тобының логикасы мен құрылымын айтып өтті.
Жақтаушы жақтан спикерлер бастауыш мұғалімдері  Г.Сейдахметова мен Қ.Алмасбекқызы шықса. Даттаушы жақтан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Г.Жандарбаева мен Ә.Дарменова шығып, әр тарап өз позицияларын қорғап қашықтықтан оқытудың зияны мен пайдасы туралы көзқарастарын білдіріп, пікірталас жүргізілді.
Сөз соңында мектеп директоры Сәулен Адырбекқызы мұндай пікірталастар —сөйлеу мәдениетін арттырып, олардың топ алдында өзін- өзі талдай білуге, басқаны тыңдай білуге, өз көзқарасын дәлелдей білуге, сауатты сөйлей білуге үйретінін айта келе, екі тарапқа сәттілік тіледі.
Алдағы уақытта да дебат қозғалысы оқушылар арасында кеңінен таралып, ары қарай жалғасын табады деп сенеміз, өйткені дебат оқушының шешендік қасиетін шындап, ойын ашық айтуға, әдеби тілде шебер сөйлеуге баулиды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив