04
август
2023
ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
Шымкент қаласының білім басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен *«Мектепке жол» акциясы* өтеді.
Акция аясында *12 және 19 тамыз* күндері ауқымды *мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады*. Жәрмеңкеде мектепке керек-жарақтар - мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім және сөмкелер, дәптерлер мен қаламсап, тағы да басқа қажетті заттар қолжетімді бағада ұсынылады. «Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкеге 13 отандық өнім шығаратын кәсіпорын қатысады.
*Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақыты:* Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешені, сағат 09:00-15:00 аралығында.