Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
17
май
2023

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай Жалпы ата-аналар жиналысы оффлайн және онлайн форматта өткізілді. Жиналысты Жалпы ата-аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Абдыкадирова ашты, күн тәртібімен таныстырды:
1. «Бақытты отбасы» тренингі, жауапты мектеп психологтары Г.Абдикеримова, Ш.Ділдабекова.
2. 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар есебі, баяндамашы мектеп директоры Б.С.Наурызбаев.
3. 2022-2023 оқу жылында оқушылар мен педагогтардың жетістіктері, баяндамашы оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Л.Алимбекова.
4. 2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша жұмыс есебі, оқушылардың үйірме жұмыстарының жетістіктері, баяндамашы ТІЖДО С.Р.Жапбаркулова.
5. 2023-2024 оқу жылына ұсынылған оқушылардың мектеп формасы, баяндамашы ТІЖДО М.А.Жуманова.
6. «Жаз – 2023» бағыты бойынша ТҚ ережелері /су қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіз терезе, ЖЖЕ/, баяндамашы ТҚ маманы А.Махамбетов.
7. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында Шымкент ҚББ-ның 24.04.2022 ж. № 184 хатымен таныстыру, мектеп директоры Б.С.Наурызбаев.
8. Әр түрлі мәселелер.
Жиналысқа  250-тен аса ата-аналар, 58 сынып жетекшісі, 12 ӘБ жетекшілері оффлайн және онлайн форматта қатысты. Жұмыстағы ата-аналарға жиналысқа онлайн қатысуына ZUUМ платформасымен жағдай жасалды. 
Жиналыста ерекше жылы атмосфера қалыптасты, «Бақытты отбасы» бағытында мектептің педагог психологтары Г.Абдикеримова, Ш.Ділдабекова өткізген тренинг ой қозғап, «Бақытты бала – Бақытта отбасы – Бақытты қоғам» ұғымын түсінуге бағытталды. Ата-аналар мектеп әкімшілігінің  жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап, оқушы мен педагогтардың жеткен жетістіктеріне риза болып, өздерін толғандырған сұрақтарға тұщымды жауап ала алды. Бірауыздан 2023-2024 оқу жылына оқушылардың мектеп формасы мен спорттық киім үлгісін таңдап, шешім қабылданды. Әр түрлі мәселелерде мектепалды жазғы сауықтыру лагері 5.06-30.06.2022 ж. аралығында 1-4 сынып оқушыларымен ашу, тамақсыз, ұйқысыз түрін таңдау туралы талқыланды. Жазғы мезгілде оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы ата-аналар толық ақпарат берілді, әр сыныптың ата-аналар чаттарына ТҚ слайдтары жіберу, танысу ұсынылды. Мектеп директоры Б.С.Наурызбаев Шымкент ҚББ-ың 24.04.2022 ж. №184 хатымен ата-аналарды таныстырып өтті, 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай бітіруші 4, 9, 11 сыныптардың бітіру кештерін ұйымдастыруына, мұғалімдерге сыйлықтарға және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу, басқа мақсаттарда /оқу кабинеттерін жабдықтау, сыныпқа гүл, кабинеттің гигиеналық құрал-жабдықтары, оқуға керекті кеңсе тауарлары және т.б./ ата-аналар кеңесін пайдалана отырып ақшалай және заттай жинауға қатаң тиым салынатынын ескертті. 
Жалпы ата- аналар кеңесінің төрайымы Г.Абдыкадирова жиналыс соңында айтылған мәселелерді қорытындылап, төмендегі шешімді ұсынды:
1. 2023-2024 оқу жылында оқушылардың білім сапасын көтеру, парасатты әрі саналы азаматтарды тәрбиелеуге басымдық жасау;
2. 2023-2024 оқу жылына мектеп оқушыларының формасын бекіту;
3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ата-аналардан әр түрлі себептермен ақша жинауға қатаң тыйым салу.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив