Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
16
январь
2025

Шахмат турнирі

Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстанның шахмат бойынша жеті дүркін чемпионы Гүлісхан Нахбаеваның келуіне орай шахмат турнирі өткізілді, жүлде қоры 500 000 теңге болады. Бұл турнирде Гүлісхан Нахбаева атындағы кубок ойнатылды. Кубокқа ие болу – бұл тек үлкен құрмет қана емес, сонымен қатар Қазақстандағы шахмат спортына қосқан елеулі үлес деп саналады. Турнирге қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, тек жүлде ұтып қана қоймай, шахматтың үздік ойыншыларынан білім алып, тәжірибе жинақтады.
Бұл іс-шараның ұйымдастырылуы мектептің білім беру бағдарламасына қосымша жаңалық әкеліп, жас шахматшыларға ынталандыру, сондай-ақ интеллектуалды спортты дамытуға бағытталған зор қадам болып табылды.
Нахбекова Гүлісхан Сайфулинқызына үлкен алғыс айта отырып, әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдіреміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив