Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
23
июнь
2023

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте Қамқоршылық кеңесі алдында мектеп директоры Б.С.Наурызбаевтың мектепте 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Н.Қожабекова күн тәртібімен таныстырып, отырысты ашып берді. Жоспарлы аралас форматтағы отырыска Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қожабекова Нұрсұлу мен ҚК мүшелері Жақыпов Біржан /онлайн/, Қазанбай Ағабек, Айтаев Икрам, Ашимова Жасмин /онлайн/, Капитаненко Ольга, Джанисбекова Эльмира, Кенжекулова Мадина, Маймақова Ұлжан қатысты. Отырысқа мектеп әкімшілігінен мектеп директоры Наурызбаев Б.С.,  ТІЖДО Жапбаркулова С.Р.,  хатшы Архабаева Г. қатысты. 
Күн тәртібі бойынша мектеп директоры Б.С.Наурызбаев 2022-2023 оқу жылында жеткен жетістіктері, білім сапасы, қаржы сұрақтары бойынша есеп берді. 2022-2023 оқу жылын білім сапасын 58.9 % аяқтап отырғанын атап өтті. Мектептің бюджетіне 2023 жылдың қаңтарынан жыл соңына дейін 830 млн 848 мың  теңге қаралған, оның ішінде  ыстық тамақпен қамтуға 73 млн 558 мың теңге, шаруашылық және спорттық, канцелярлық заттарға 2 млн 864 мың теңге, СТЭМ кабинетін, физика кабинетін жабдықтауға   – 26 млн 396 мың теңге, өзге де қызметтерге 10 млн 079 мың теңге бөлінді.
- СТЭМ кабинет конкурс нәтижесінде 17 212 160  ТОО "Kaz Robo Lab"  ұтып алды.
- Физика кабинетін конкурс нәтижесінде 8 398 880  Ип Aqyl Generation ұтып алды.
- 2023 жылдың  қантар айынан жазғы мезгіл арасында қаражат - 466 млн 223 мың теңге.
- Жазғы лагерьге  39 оқушыға қаралған қаржы 1 403 000 теңге, конкурс нәтижесінде  ИП «АЮБАЙҰЛЫ НУРБОЛАТ»  1 031 520 тг ұтып алды.
- Ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы 800 000 тг, конкурс нәтижесі бойынша  ИП "ТОТЫМБАЕВ" 397 100 теңгеге ұтып алды.
- Ыстық тамаққа  қаралған қаржы 73 558 000 тг.
- Шаруашылық, спорттық, канцелярлық заттарға  қаралған қаржы  2 864 000 тг.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мектеп директорының есебіне оң бағасын берді. ҚК мүшесі Қазанбай Ағабек сөз алып, мектеп ұжымына алдағы оқу жылында сәттілік тіледі, білім сапасын көтере беруге, бала тәрбиесінде ұлтжандылыққа аса көңіл бөлуге мән беруді, Жаңа Қазақстанды білімді, ұлтжанды жастармен толықтыруға бірлесе жұмыс атқаруды ұсынды. ҚК төрайымы Н.Қожабекова кезекті отырысты қорытындылап, 2023 жылдың тамыз айының соңында кездесуді жоспарлады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив