05
февраль
2025
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы Nº17ЖОББМ-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Заң және тәртіп” айлығының акциясы.
4-ақпан “Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні” “Смартфонсыз бір күн”өткізу – қызықты әрі пайдалы тәжірибе. Ол уақытты тиімді пайдалануға, шынайы өмірге көбірек көңіл бөлуге және ойыңды жинақтауға көмектеседі.
Челлендж ережелері:
1. Смартфонды таңертең өшіріп, бір күн қолданбау.
2. Компьютер мен басқа гаджеттерді де қажет болмаса, пайдаланбау.
3. Егер байланыс қажет болса, тек қоңырау шалуға арналған қарапайым телефон қолдануға рұқсат.
4. Әлеуметтік желілер, мессенджерлер, ойындар – түгел жабық.
5. Күннің соңында әсерлеріңді жазып немесе досыңмен бөлісу.
Смартфонсыз күнді қалай тиімді өткізуге болады?
• Спортпен айналысу: Футбол ойнау, жүгіру, жаттығу жасау.
• Кітап оқу: Қызықты кітап немесе діни әдебиеттер.
• Шығармашылық: Сурет салу, жазу, өлең шығару.
• Отбасымен және достармен уақыт өткізу.
• Табиғатқа серуендеу.
• Жаңа нәрсе үйрену: Қолөнер, аспаздық, басқа да дағдылар.
4-ақпан “Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні” “Смартфонсыз бір күн”өткізу – қызықты әрі пайдалы тәжірибе.