11
февраль
2025
«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!» ЧЕЛЛЕНДЖІ #БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ
«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!» ЧЕЛЛЕНДЖІ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі жалғасын табуда.
Аль-Фараби ауданына қарасты Лермонтов атындағы № 17 жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі Гаухар Баулыбаевна челленджді әдістемелік орталығының әдіскері Шолпан Мәуленқызынан ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Қара сөздер» кітабын қабыл алып, Абай ауданына қарасты Ә.Молдагулова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы Мұхамедәлиге М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» кітабын тарту етті.
Челлендждің мақсаты: «Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында оқушылардың кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін насихаттау және жастарды кітап оқу мен білім алуға ынталандыру, кітап пен білімнің маңыздылығын көрсету.
«Шын жүректен кітап сыйла» челленджі 14 ақпанға дейін жалғасын табады.