Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Қазақ руханиятының қос қыраны» дөңгелек үстелі.
30
январь
2025

«Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Қазақ руханиятының қос қыраны» дөңгелек үстелі.

«Бір ел — бір кітап» акциясы  аясында 
 «Қазақ руханиятының қос қыраны» дөңгелек үстелі. 
Лермонтов  атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында «Қазақ руханиятының қос қыраны» деген тақырыппен  дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау, рухани мұраны сақтау, отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, заманауи әдебиет пен поэзияға оқырманның қызығушылығын арттыру.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында жазушы Тәкен Әлімқұлов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің кітаптары таңдалған болатын.
Мектептің кітапхана меңгерушісі Г.Б.Пернешевамен қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі А.Кушерованың ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды.
2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқитын боламыз. Олар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов - бұл есімдер қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгі қалады.
Оқушылар қос қаламгердің өмірімен шығармашылығына тоқталып, қоғамның дамуы үшін маңызды тарихи оқиғаларды бейнелеген  ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтің «Ақбоз ат», «Күрең өзен», «Тұлпарлар тағдыры» деген кітаптары мен  Абай Құнанбаев туралы жазған «Жұмбақ жан»  атты зерттеу туралы сөз қозғады.
Сондай ақ «Менің Қазақстаным» әнін жазған, көрнекті қаламгер,  ақын-жазушы   Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен  шығармашылығына шолу жасалып, оқушылар талантты аудармашы ретінде де қазақ әдебиетінде терең із қалдырған, 2010 жылы «Менің Қазақстаным» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған  Жұмекен Нәжімеденовтің  поэзиясынан үзінділер оқыды.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы іс-шаралар оқырмандарға осы екі талантты автордың шығармалар әлемін түсінуге, бұл Әлімқұлов пен Нәжімеденов шығармашылығының қазақ әдебиеті мен жалпы әлемдік мәдениет үшін маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив