Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » 1-СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ 📖📚✏️🏢
28
март
2025

1-СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ 📖📚✏️🏢

    Шымкент қаласы, Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің 2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау, ағымдағы жылдың 1 сәуір-31 тамыз аралығында  жүргізілетінін хабарлаймыз!
  ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде қабылданады.
✅ Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3) өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
✅ Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
✅ Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма күніне дейінгі аралықта Өтініштер қабылданады.
✅ Құрметті ата-аналар!!!
Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, мүмкіндігінше 2025 жылдың 31 мамырына дейін өткізулеріңізді сұранамыз және БАЛАЛАРДЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ECOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТІНІМ БЕРУ НҰСҚАУЛЫҒЫНың видеосын ұсынамыз.
✅ Сұрақтарыңыз болған жағдайда балаларды 1-сыныпқа қабылдау бойынша жауапты ДОЖЖО-ның байланыс номерін назарларыңызға ұсынамыз: 8 776 309 31 10   Мыңбаева Урзия  Избасарқызы
























Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив