Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының қайта құрылатындығы туралы хабарландыру
27
январь
2023

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының қайта құрылатындығы туралы хабарландыру

Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығымен бекітілген 2-тарау 8 тармақшасына, 5-тарау 30 тармақ 1) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі, орта білім беру, мамандандырылған және арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мектептен тыс қосымша білім беру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру) Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамының қайта құрылатындығын және қамқоршылық кеңесіне мүшелікке үміткерлердің ұсыныстары қабылданатындығын хабарлайды.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
      1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
      3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
      4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
      5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
Ұсыныстарды Шымкент қаласы, Тыныбаева көшесі, 49 үй мекен-жайға, элек.пошта: shym-oku-bolimi@bk.ru немесе аталған білім беру ұйымдарына ресми рәсімделген түрде қажетті құжаттарды тіркей отырып жолдау қажет.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2023 жылдың 8 ақпанға дейін.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив