25
апрель
2025
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 24 сәуір күні мектебімізде 7–9 сынып оқушылары арасында патриоттық ән байқауы мен саптық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақты отансүйгіштікке, тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық рухты нығайту және командалық бірлікті арттыру.
Шара барысында қатысушылар:
• Саптық жүріс,
• Бұйрықтарды нақты орындау,
• Саптық бұрылулар,
• Патриоттық ән айту
секілді дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Әр сыныптың ерекше дайындығы мен ұйымшылдығы көрермендерге мақтаныш сезімін сыйлады.
Қазылар алқасы құрамында:
• Ауған соғысының ардагері — Калитаев Исатай
• Дене шынықтыру пәні мұғалімі — Өмірзаков Бақтыбай
• ДОІЖЖО — Мусабаев Руслан
• Қамқоршылық кеңесінің мүшесі — Қожабекова Нұрсұлу
• Мектеп парламентінің мүшесі — Тағайбеков Эльхан
Бағалау критерийлері:
• Саптық бұйрықтарды нақты орындау
• Біркелкілік, тәртіп
• Ән айту мәдениеті мен патриоттық рух
• Киім үлгісі мен сыртқы келбеті
• Командалық үйлесімділік
Нәтижесінде:
• Бас жүлде иегері анықталды
• 7-сыныптар: І орын – 1, ІІ орын – 2,|||-орын-2
• 8-сыныптар: І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 2
• 9-сыныптар: І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 2
• Арнайы номинациялар берілді
Іс-шараның құрметті қонақтары мен ұйымдастырушылары:
• Мектеп директоры — Наурызбаев Б. С.
• АӘД пәні мұғалімі — Алиев Ұлан
• ДТЖЖО — Жапбарқұлова С.
• Саз жетекшісі — Азимханов Нұрсерік
• ҚББМ әдіскері — Сейсенова Ж.
• Жүргізуші — Шекербекова Жаудір
Мектеп парламентінің мүшелері іс-шараны ұйымдастыру мен үйлестіруде ерекше белсенділік танытып, жоғары деңгейде жұмыс атқарды.
Бұл шара – оқушылар үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар, жүректе патриоттық рухты қалыптастыратын жарқын қадам болды!

