17
январь
2025
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы Nº17ЖОББМ-де Гүлісхан Нахбаева атындағы кубок ойнатылып,шахмат турнирі ойнатылды.Жүлде қоры 500 мың теңге.
Турнирге қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, тек жүлде ұтып қана қоймай, шахматтың үздік ойыншысынан білім алып, тәжірибе жинақтады.
Бұл іс-шараның ұйымдастырылуы мектептің білім беру бағдарламасына қосымша жаңалық әкеліп, жас шахматшыларға ынталандыру, сондай-ақ интеллектуалды спортты дамытуға бағытталған зор қадам болып табылды.
Шахматшыларды іріктеу барысында 3 мүшеден құрылған төрешілер алқасы құрылып, ойыншыларды қадағалады. Бас төреші : “Шымкент” орталық шахмат клубы директоры - Ережеп Асылжан Кеңесұлы,
Абдугаппаров Алтынбек - №94 орта мектеп оқушысы 6 сынып, 1 санат, шахмат үйірмесінің жетекшісі Ернар Зияев, дене шынықтыру пән мұғалімі ӘБ
Кенжебаев Ж.
Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша қатысушылар командалық және жекелей 1, 2, 3 – орындармен марапатталды. Барлық шахмат ойынына қатысқан жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді.Мектеп оқушыларымыз бен басқада қатысушылар төмендегі орындарға ие болды
|-орын Абдиғаппаров Алтын
Марал Заңғар
Мұқтарқызы Жансая
120мың теңге ұтыс.
||-Мұратов Шындаулет
Абдусаматов Имран
Абдуаким Тұмар
100мың теңге ұтыс
|||-орын Базарбай Сұлтан
Медеш Дастан
Ерсайын Айнара
80 мың теңге ұтыс
Құттықтаймыз!!!





