Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "Қылмыссыз жарқын болашақ" айлығы жоспарланып өткізілді.
20
февраль
2020

"Қылмыссыз жарқын болашақ" айлығы жоспарланып өткізілді.

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қылмыссыз жарқын болашақ" айлығы жоспарланып өткізілді. 
Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар: 
20-24.01.2020 жыл аралығында "Ата -аналармен жұмыс" "Отбасы- тәрбие айнасы" тақырыбында сынып жетекшілер ата- аналар коучингін мектеп психологтары Г.Абдикеримова мен Р.Тойбекованың қатысуымен өткізілді. 
5-11 сынып аралығында "Жыныстық тәрбие", "Тұрмыстық зорлық зомбылық" тақырыбында ұлдарға және қыздарға мектеп психологтары мен сынып жетекшілері тренингтер жүргізді.
27-31.01.2020 жыл аралығында Аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында түзету- дамыту, психологиялық ағарту жұмыстарын мектеп психологтары өмірді бағалауға деген қарым - қатынастарын өзгертуге арнайы тренинг ұйымдастырып өткізді. 
03-07.02.2020 жыл аралығында Ішкі істер органдарымен бірлесіп профилактикалық іс- шаралар жүргізілді. Мектеп инспекторы А.Қалмұрзаева 5-11 сыныптар аралығында «Абай бол!» және   «Заң – Оқушы – Қоғам» тақырыбында сынып жетекшілерімен бірлесіп  профилактикалық лекциялар өткізді. 
«Суық қаруға жол жоқ!» тақырыбы бойынша 5-11 сыныптар аралығында мектеп инспекторы және ДТЖЖО- мен бірге рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді. 











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив