Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Қашықтықтан онлайн ата- аналар жиналысы
02
апрель
2020

Қашықтықтан онлайн ата- аналар жиналысы

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020 жылдың 2 сәуірінде «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» тақырыбында қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізілгенін мәлімдейміз. 
Ата –аналардың онлайн жиналысы кестеге сәйкес 1-4 сыныптар сағат 10.00-12.00 аралығы, 5-9 сыныптар 12.00-14.00 уақыт аралығында, 10-11 сыныптар сағат 14.00 уақытында өткізді. 
Күн тәртібінде:
  1. «Оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа формасының бірі- қашықтықтан оқыту технологиясын» түсіндірме жұмыстары 
  2. Жұқпалы аурулардың алдын алу мен сақтық шаралары.
  3. Ата- аналарға мектеп психологтарынан кеңес және тренинг жұмыстары . 
Қашықтықтан онлайн ата- аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы өткізілді, қосымша ZOOM платформасына қосыла алмай қалған ата –аналарға Whatsapp желсі арқылы жиналыста талқыланған сұрақтар бойынша деректер жіберілді. 
Мектеп бойынша өткізілген   ата –аналар І ауысым бойынша ДОЖЖО Т.М.Сапарбекова және ДТЖЖО С.Р.Жапбаркулова, ІІ ауысым бойынша ДОЖЖО Л.Е.Алибекова, ДТЖЖО А.Қ.Надырбек, бастауыш сыныптарға ДОЖЖО Ү.І.Мыңбаева. мектеп психологтары ата- аналарға қашықтықтан онлайн арқылы  қазақ сыныптарының психолог маманы Г.И.Абдикеримова және орыс сыныптарының психолог маманы Р.М.Тойбекова психологиялық кеңес берді.  Мектеп директоры С.А.Искакова онлайн ата- аналар жиналысына қатысты.
Мектеп бойынша жалпы 51 сынып қашықтықтан онлайн ата –аналар жиналысын өткізді. Жалпы қашықтықтан онлайн ата –аналар жиналысына мектеп бойынша 1288 оқушыдан- 775 ата –аналар қатысты.  





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив