Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
26
март
2021

«Оқырман мұғалімдер» клубы.

 Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте құрылған «Оқырман мұғалімдер» клубының кезекті отырысы өтті.
Ақиық ақын, әрбір  қазақтың жүрегін жаулап алған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде кітапхана меңгерушісі Г.Пернешева сөз қозғаса, клуб мүшелері жүректеріне, жан дүниелеріне  жақын ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жырын жырлады.
Мектеп директоры Сәулен Адырбекқызы: «Ақынның маржан поэзиясы- мәңгілік болашақ ұрпақтың қастерлеп қадірлейтін қазынасы. Халық поэзиясы — білім және рухани тәрбиенің көзі. Жас ұрпақтың бойына рухани—адамгершілік құндылықтарды дарыту болашаққа ізгілік нұрын себуші ұстаздармен бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата—аналардың қолында» десе,
қазақ тілі пәні  мұғалімі М.Айтаева: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінің тілі жеңіл, көңілге қонымды, әрі қарапайымдылығын айтса,  ӘБ жетекшісі  Ж.Исатаева: ақынның өлеңдері көркемділігімен, эстетикалық жағынан әсерлілігімен ерекшеленіп тұратынын айтты.
Мұқағали мұрасы— құнды, баға жетпес  рухани  қазына болып қала бермек.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив