Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Жалпы мектепішілік ата- аналар және "Қамқоршылық кеңесінің" жиналысы
27
май
2020

Жалпы мектепішілік ата- аналар және "Қамқоршылық кеңесінің" жиналысы


Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі 2020 жылдың 27 мамырында онлайн ZOOM платформасымен жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысын өткізді. Мектеп директоры С.А.Искакова күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша 2019-2020 оқу жылын қорытындылай келе мектептің жалпы жыл бойы бойынша білім сапасын айтты: 
2019-2020 оқу жылында мектептің жалпы 1289 оқушы білім алды.
 Білім сапасы 59,2%- көрсетті. 
Оның ішінде 205 үздіктер, 564 екпінділер бар.
Жалпы 2019-2020 оқу жылының 1,2,3 тоқсанында дәстүрлі мектепте оқытылды, 4- ші тоқсанда қашықтықтан оқыту үрдісі жалғастырылды. Әрбір оқушының сабаққа қатысуы, тапсырмаларының орындалуы электронды жүйе арқылы бақыланды. 
       Биылғы оқу жылында 11 сыныптың 39 түлектері оқуды аяқтап, оның ішінде 6- алтын белгі, 1- үздік аттестат үміткерлері бар. ҰБТ-ға өтініш білідіп 36 оқушы тіркелді.
2019-2020 оқу жылындағы мектептің жетістіктерін баяндады: 
Ұстаздар жетістігі: 
• Бжғ министрінің Алғыс хатымен  жоғары дəрежелі еңбегі үшін Сапарбекова Талша Мусакуловна марапатталды . 
• 1 Халықаралық көптілді олимпиада бойынша оқушылары бас жүлдемен мараратталғаны үшін  4 мұғалім 
• Республикалық байқауларға ғылыми жұмыстарына қатыстырғаны үшін - 2  мұғалім Насанова Ж.М  бастауыш сынып мұғалімі, Набиева Л.А бастауыш  сынып мұғалімі 
• Қалалық олимпиадаға оқушысы жүлделі орындармен марапатталғаны үшін - 3 мұғалім Маханбет А. физика пəні мұғалімі,  Бондаренко Е орыс тілі, Айтаева М.М қазақ тілі пəні    пəні мұғалімдері  Дипломдармен марапатталды.
Оқушылар арасындағы жетістіктер: 
• Халықаралық деңгейде 16 оқушы жүлделі орындармен марапатталды
• Республикалық көлемде 5 оқушы жүлделі орындармен мараптталып, мектептің үлесін жоғары деңгейде көтерді.
    Мектеп ауласындағы 300 орынға арналған қосымша ғимараттың құрысы басталғанын және 2020 жылы қараша айында қолданысқа берілетіндігі туралы хабардар етті. 
 Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша мектепті материалдық қаржыландыру бойынша есеп берді:
 Жаңа компьютерлерге – 15000000 қаржы бөлінді.
 Жаңа парталармен жабдықтауға- 2210000 тенге қаржы бөлініп отыр.
• Кеңсе заттарына – 554200 тенге қаржы бөлінді.
• Спорт құралдарына -308000 тенге қаражат иегеріп, қажетті құралдар алынды.
• Мектептің шаруашылық заттарына - 666800 тенге қаржы иеленді.
• Ағымдағы жылдың мектептің жөндеу жұмыстарына - 1100000 тенге қажетті қаржы бөлінді.
2020-2021 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау жолдарын түсіндіріп, елімізде орын алып жатқан пандемиядан сақтану жолдарын айтып өтті.
 Қашықтықтан оқыту бойынша атқарылған жұмыстарды айта отырып, белсенділік танытқан сыныптарға және ата- аналарға алғысын жеткізді.
    Жалпы ата- аналар жиналысы соңында ата- аналармен кері байланыс орнатылды 2 «Ә» сынып ата- анасы, 4 «А» сынып ата- анасы, 2 «А» сынып ата- анасы, 1 «А» сынып атанасы, 1 «Ә», 2 «Е» сынып ата- аналары мектеп басшысына және мектеп ұжымына, мектеп әкімшілігіне, ұстаздарына шын жүректен алғыстарын білдірді. 
What's app желісіндегі ата- аналар чатына 1-11 сынып ата- аналарынанда алғыс хаттары түсіп жатыр.
Мектеп - ата- ана - оқушы үштік одақтастығының өз нәтижесін қашықтықтан оқуда ұйымшылдығымен ерекшеленді.























Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив