25
сентябрь
2020
Абай атындағы сыйлықтың лауреаты Жұбан Молдағалиевтың туғанына -100 жыл толды.
Биыл Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Абай атындағы сыйлықтың лауреаты Жұбан Молдағалиевтың туғанына -100 жыл толды.
Қазақ әдебиетінің дамуына орасан үлес қосқан, «Мен қазақпын» деп жырлаған ақынның асыл бейнесі жыл өткен сайын биіктей береді.
«Мен қазақпын!» поэмасына— халқымыздың тарихы сыйып тұрғандай.
Қай өлеңі болмасын —ақын жастарды өз елінің патриоты болуға, еңбекқорлыққа шақырады.
Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас буын екенін айта келе, жастарға үлкен сеніммен қарап, болашақтарына жол сілтейді.